ZHANBYR

Ануар Ғабиден

Көзімді жұмған сәттерімде бір өзіңді сағынам,
Жұлдыздың, айдың және күннің нұры сенен табылған.
Мұңайған күндердің бәрін де жаңбыр үні тербеген,
Жаным, сені еске алумен махаббатқа шөлдегем…

Қалай ғана ғашық болдым бір көргеннен сенің жарық жүзіңе?!
Дауысыңды қосқым келед жүрегімнің әніне, әніне!?
Айырбастауға дайынмын бұл әлемді сенің сұлу көзіңе!
Сендей жанды сүю үшін айтшы, керек тағы не, тағы не?

Жаңбырлы түн.
Ерекше сәт.
Бұл екеумізді таныстырған көктем еді.

Жаңбырлы түн.
Кете бердің тоқтамай,
Бұл екеумізді алыстатқан көктем еді…

Сен жаптың есікті сыртынан,
Қарап қала бердім тағы артыңа..
Жылататын да жұбататын да сен,
Жүрегімді бөлдің тағы жартыға.
Тағы боран және жел
Менің шындығымда,
Тағдыр орап, шыда деді
Бірақ тұншығудамын!
Біздің аққу көлден кеткенде,
Жаңбыр суы көз жасымызды күткен бе..?

Curiosità sulla canzone ZHANBYR di Ray

Chi ha composto la canzone “ZHANBYR” di di Ray?
La canzone “ZHANBYR” di di Ray è stata composta da Ануар Ғабиден.

Canzoni più popolari di Ray

Altri artisti di Pop rock