Ulight

Сезімді екеуіміздің тот басқанды,
Бөлініп өзіңменен қоштасқанды.
Жүрек қаламайды,
Бара алмайды.
Қадамға ондай.\

Жауапсыз қаламын деп қорқамын ба,
Әлде мен іздей беріп жол тағы да,
Адасып кеттім бе?
Сен кеттің бе?
Жауабы қандай?

Ойланып жүрмін күнде,
Жауабы жоқ па мүлде?
Күндіз де тіпті түнде,
Келесің неге ойға сен?
Қайтадан жүрмін,
Сол сезімді іздей.
Бір өзің қалдырған бір үмітті үзбей.

Тап-таза жүрегіммен,
Іздеуді бастадым,
Сен оны уыңменен,
Аямай ластадың.
Неге улайды,
Мені улайды,
Жүрегім қалайды
Пәк сезімді.

Сен мені терең ойға батырдың ғой,
Жалғыздық аралына шақырдың ғой.
Неге қарамайсың,
Қала алмайсың,
Менің қасымда?

Келмейді кеткім менің жолдар кезіп,
Біздегі алаулаған ыстық сезім.
Кіршіксіз көңілді,
Боп көрінді,
Маған басында.

Canzoni più popolari di Jayko

Altri artisti di Reggaeton