BBB

Aibek Zhanysbaev, Zhansaya Alimanova

Сені ойлап мен күні түні,
Неге көз ілмей жүрем?
Сезімдердің тәтті үні,
Мені тағы да іледі.
Қарамашы маған күліп,
Күлкің бәрінен бөлек.
Сені жәй ғана сүйіп тұру,
Маған ұнайтын күй екен, күй екен.

Бәрі саған ғашық,
Енді маған не керек?
Сенен басқаға, неге жүрегім керең?
Көзіңе тоқтаусыз қарайлай берем,
Сол сәтте арқама қанат бітеді, ия.
Балаң әлі де ұяң, ұяң...
Кешке соғам ұялыңа.
Бірге қыдырып қайтайық,
Одан кейін таңды бірге...

Қарсы алайық, қарсы алайық!
Таңды бірге қарсы алайық, қарсы алайық.
Бүгін бәрін ұмытайық, ұмытайық.
Жүрегіңді жылытайын, жылытайын.

Қарсы алайық, қарсы алайық!
Таңды бірге қарсы алайық, қарсы алайық.
Бүгін бәрін ұмытайық, ұмытайық.
Жүрегіңді жылытайын, жылытайын

Әр ойыма мен сені еріксіз бір жіппен байлайм(ын).
Әр оянған сезім, үнсіз ғана сені сұрайды.
Лаулап барады тұла бойым,
Баурап алды сендік ойын
Көңілінді мен тілсіз қалаймын.
Айнала толы ою,
Бәрін ысырып қойып,
Саған қарай бару бәрібір деп ойламаймын,
Бәрібір деп ойлаймын.
Арайлап атқан таңдарда,
Қарағам саған көз алмай...
Сыр айттың бәріне құпия,
Ал олардың сөздері тек қиял.
Сол кештен кейін, кештен кейін.

Сені ойлап мен күні түні,
Неге көз ілмей жүремін?
Сезімдердің тәтті үні,
Мені тағы да іледі.
Қарамашы маған күліп,
Күлкің бәрінен бөлек.
Сені жай ғана сүйіп тұру,
Маған ұнайтын күй екен, күй екен.

Таңды бірге қарсы алайық, қарсы алайық.
Бүгін бәрін ұмытайық, ұмытайық.
Жүрегіңді жылытайын, жылытайын.
Таңды бірге қарсы алайық, қарсы алайық.
Бүгін бәрін ұмытайық, ұмытайық.
Жүрегіңді жылытайын, жылытайын.

Қарамашы маған күліп,
Күлкің бәрінен бөлек.
Сені жәй ғана сүйіп тұру,
Маған ұнайтын күй екен, күй екен.

Curiosità sulla canzone BBB di Alba

Chi ha composto la canzone “BBB” di di Alba?
La canzone “BBB” di di Alba è stata composta da Aibek Zhanysbaev, Zhansaya Alimanova.

Canzoni più popolari di Alba

Altri artisti di Italo disco